Жаңалықтар

Өскеменде киім-кешек жинауға арналған контейнерлер орнатыла бастады

Өскеменде азық-түлік пен киім-кешек жинауға арналған контейнерлер орнатыла бастады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

«Бірге жақсылық жасаймыз» қоғамдық қорының мәліметінше, контейнерлер тәулік бойы жұмыс істейді: біреуі –  киім мен аяқ киім жинауға, екіншісі –  ұзақ сақталатын азық-түлік өнімдерін жинауға арналған.

Қазіргі уақытта алғашқы контейнерлер «Мирный» және «Дина» базарында орнатылды.

– Алдағы уақытта әкімдікпен келісу жүргізілгеннен кейін қала бойынша барлық 10 жұп контейнер, яғни өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға арналған барлығы 20 контейнер орнатылады, – деп атап өтті қоғамдық қор өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button