Жаңалықтар
Өскеменде Нефтяная көшесіндегі жол жөнделді
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Нефтяная көшесінде жүргізілген жол жөндеу жұмыстары толық аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Жоба аясында 1050 метр жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол жабыны жаңартылды. Қазіргі таңда орташа жөндеудің бірінші кезеңі бойынша жоспарланған 42 учаскенің: 18 учаскесінде жұмыстар толық аяқталды, 11 учаскеде жұмыстардың басым бөлігі орындалды, – деп жазды қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.



