Жаңалықтар

ШҚО-да жыл басынан бері 4 бала терезеден құлап кетті

Шығыс Қазақстанда балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Облыс аумағында қазірдің өзінде 4 оқиға тіркелген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарының айтуынша, қайғылы жағдайлар көбіне ата-аналар пәтердегі терезелердің ашық тұрғанын ұмытып, балалар қараусыз қалдырған кезде орын алады.

«Оқиғалардың алдын алып, балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін арнайы құрылғыларды міндетті түрде орнату маңызды. ШҚО ТЖД тарапынан ата-аналар арасында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аяулым Кекиева.

ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық рейдтер мен қорғаныс құрылғыларын орнату акцияларын өткізуде. Бүгін Глубокое ауданындағы көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардың үйлерінде ШҚО ТЖД қызметкерлері балаларды жазатайым оқиғалардан қорғауға көмектесетін арнайы терезе бекіткіштерін орнатты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button