Өскеменде қаланы көркейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шаһардың көрікті жерілерінің бірі – Қазақстан тауы жарықтандырылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, бұл бастама туристік ортаны, қолайлы орынды қалыптастыруға бағытталған қадам.
– “Қазақстан тауы” қаламыздың символы. Жарықтандыру бұл жердің жаңа тынысын ашады. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін тағы бір көрікті демалыс орны болады, – деді қала басшысы.