Жаңалықтар
ШҚО-да мектептердің жанындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылып жатыр
Жазғы демалыс қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Абайлаңыз балалар!» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектептердің маңына 2000 шаршы метрден астам көлденең жаяу жүргіншілер жолағын салу жұмыстары басталды. Сонымен қатар білім беру нысандарының жанындағы жасанды жол кедергілерін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған бағытта 55 жасанды жол кедергісін орнату жоспарланған, – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.



