Жаңалықтар

ШҚО-да республикалық маңызы бар тасжолдардың бойына 10 мың ағаш отырғызылады

Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың бойына 10 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ШҚО филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыстар Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы мен «Қазсервис» ЖШС-нің жол бойындағы инфрақұрылымды көгалдандыру экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Ағаш отырғызу жұмыстары Өскемен – Семей және Алматы – Өскемен тасжолдарының учаскелерінде жүргізіледі.

«Қажсервис» ЖШС ШҚО филиалының директоры Нияз Садықовтың айтуынша, жол инфрақұрылымын дамыту тек жол салу және жөндеумен шектелмейді, сонымен қатар жайлы әрі экологиялық таза орта қалыптастыруды да қамтиды.

Ағаш отырғызу жұмыстары жол жөндеу жұмыстарымен қатар жүргізіледі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірханов ағаш отырғызатын орындарды таңдағанда мамандар өңірдің климаттық ерекшеліктері мен жол жиегінің жағдайын ескеретінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button