Жаңалықтар

Өскеменде «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау басталды

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

Байқауға қатысу үшін отбасы мүшелері туралы мәліметті, салт-дәстүр, бала тәрбиесі, сондай-ақ отбасы мүшелерінің жетістіктері туралы баяндап, өтінім толтыруы қажет.

Өтінімге фотосуреттерді, марапаттарды, алғыс хаттарды және ұзақтығы екі минутқа дейінгі бейнеролик-презентацияны да тіркеуге болады.

Өтінімдер 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қабылданады.

Байқауға қатысу үшін өтінімді қағаз немесе электронды форматта ұсынуға болады. Құжаттар Чехов көшесі, 33 (№4 кабинет) мекенжайында және 265119ops@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Қосымша ақпаратты алу үшін  8-7232-26-48-92,  8-705-526-16-40 (WhatsApp)  телефон нөміріне хабарласуға болады.

Байқау лауреаттарын марапаттау рәсімі 12 қыркүйекте өтеді. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button