Жаңалықтар

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізген 8 адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 17-25 мамыр аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күні полиция қызметкерлері 300-ден астам құқықбұзушылықтың жолын кесті. Масаң күйде көлік жүргізген 8 жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар, 16 мемлекеттік тіркеу нөмірі алынып, 51 көлік құралының пайдаланылуына уақытша тыйым салынды. 30-дан астам автокөлік арнайы тұраққа қойылды. 

– Масаң күйде көлік басқару фактілерінің басым бөлігі Өскемен қаласы мен Глубокое ауданында анықталды. Сондай-ақ мопед иелеріне ерекше назар аударылып, бір тәулікте тиісті тіркеусіз жүрген 17 факті тіркелді. Күршім ауданында полицейлер жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген «ВАЗ-2107» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің шанақ нөмірі тіркеу құжаттарындағы мәліметтерге сәйкес келмейтіні анықталған. Ал Алтай ауданында қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button