Эстакада құрылысы салдарынан Сәтбаев даңғылындағы қозғалыс өзгереді
Өскемен қаласы әкімдігі сол жағалаудағы жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасы кезең-кезеңімен өзгеретінін хабарлады. Өзгерістер Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында салынып жатқан көлік жолайрығы құрылысына байланысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
16 мамырдан бастап жаңа айналмажол қиылысынан Жібек маталар комбинаты шағынауданы бағытына қарай Сәтбаев даңғылының орталық бөлігі жабылды.
1 маусымнан бастап жаңа айналмажол қиылысынан Ертіс көпірі бағытына қарай Сәтбаев даңғылының орталық бөлігі жабылады.
Көлік қозғалысы уақытша шеткі жолақтар арқылы ұйымдастырылады.
Әкімдік қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалыс қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
Шектеулер армогрунтты тіреу қабырғаларын орнату, жол өткелінің тіректерін салу және кейін аралық құрылымдарын монтаждау жұмыстарына байланысты енгізілуде.



