Жаңалықтар
Шығысқазақстандық радиотелефонист кикбоксингтен әлем чемпионы атанды
Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі №10 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті Әйгерім Рахатова Түркия Республикасының Анталия қаласында өткен кикбоксингтен Әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен тартысты жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Әйгерім Рахатова алтын медаль иеленіп, әлем чемпионы атанды.
– Халықаралық аренада ол спорт шеберлігінің жоғары деңгейін, тамаша физикалық дайындығын, мінезінің төзімділігі мен нағыз жауынгерлік рухын көрсетті. ШҚО ТЖД қызметкерінің бұл жеңісі – азаматтық қорғау жүйесінің өкілдері жауапты қызметті үлкен спорттағы жетістіктермен сәтті ұштастыра алатынының жарқын мысалы болды, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.



