Жаңалықтар
Өскеменде «DASTUR DARIYASY» атты концерт өтеді

Облыс орталығында 22 мамыр күні «Алтай» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «DASTUR DARIYASY» концерті өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ержан Шайзратұлы.
Кеште мәдениет саласының үздіктері Нұргүл Қабдоллаева, Әсел Қыдырханова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Естай Матабаев, Алпыс Жақиянов өнер көрсетеді.
Билеттерді ШҚО филармониясының кассасынан (Протозанова көшесі, 43) және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Концерт Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында сағат 18:30-да басталады.



