Жаңалықтар

ШҚО-да биыл 38 өрт сөндіру пункті ашылуы мүмкін

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов өрт қауіпті кезеңнің өту барысын тексеріп, Өскемен орман шаруашылығының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кездесу барысында табиғи өрттердің алдын алу бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Облыстың орман қорының жалпы аумағы 3 млн гектарды құрайды.

– Өрт қауіпті кезеңде іс-шаралар кешенін уақтылы өткізу әсіресе ыстық әрі құрғақ ауа райы жағдайында ірі табиғи өрттердің алдын алудың басты факторы. Қандай болжамдар болса да, біздің ортақ міндетіміз үнемі дайындықта болып, табиғи өрттердің алдын алу мен оларды жою бойынша барлық қажетті шараларды дер кезінде қабылдау, – деп атап өтті Рамиль Камалов.

Сонымен қатар вице-министр ТЖМ әуе кемелеріне арналған авиациялық ангар құрылысы жүргізіліп жатқан орынды қарап шықты. Рамиль Камалов ШҚО ТЖД бөлімшелеріне барып, азаматтық қорғау органдарында 15 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Жасұлан Оспановтың отбасына жаңа қызметтік пәтердің кілтін табыстады.  

ШҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы Фархат Әміре «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Оның айтуынша, облыс елді мекендерін өрттен қорғау мақсатында 16 өрт сөндіру бекеті құрылған, ал 2026 жылдың соңына дейін тағы 38 өрт сөндіру пунктерін ашу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button