Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысып жатыр

15-22 мамыр аралығында Ресей Федерациясында биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиада (OIBO) өткізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Зияткерлік дода федералдық «Сириус» аумағы мен Ресей Федерациясы Оқу-ағарту министрлігінің «Талант және табыс» білім беру қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан құрамасы 6 оқушы мен команда жетекшісінен құралған:

Қайркен Ерсұлтан – Павлодар облысы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Желтова Софья – Алматы қаласы Медеу ауданындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Билялов Нурали – Павлодар облысы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Мұқашев Дарын – Шығыс Қазақстан облысы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Әділғали Нұрасыл – Маңғыстау облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Меженина Евгения – Қарағанды қаласындағы Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы. ️

Команда жетекшісі – Дінмұхаммед Серікұлы Уразбаев, «Astana Medical University» КЕАҚ-ның 4-курс студенті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2025 жылы алғаш рет қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Олар, 2 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алып, командалық жобалық турда I орынды иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button