Магистратураға құжат қабылданып жатыр — ШҚО
Шығыс Қазақстанда магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларына құжат қабылданып жатыр,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
Құжат қабылдау 1 сәуірде басталған, 25 маусымға дейін жалғасады. Өтініштер admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылданады.
Магистратура бойынша 9, докторантура бойынша 3 бағдарлама бар.
Қабылдау туралы толық ақпарат академияның ресми сайтында – apa.kz, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланған. Қосымша ақпаратты Қабылдау комиссиясынан немесе Академия филиалдарынан алуға болады.



