Жаңалықтар

1 маусымнан бастап Ертіс көпірінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

1 маусымнан бастап Ертіс көпірінде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жұмыстар кезең-кезеңімен Жібек мата комбинаты жағынан қала бағытына қарай жүзеге асырылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

– Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысының схемасы өзгереді: қозғалыс жолақтарының екеуі кезекпен жабылып отырады. Автокөлік жүргізушілеріне қолайсыздықты барынша азайту мақсатында уақытша қозғалыс схемасы ұйымдастырылады: әр бағыт бойынша үш жолақтан қозғалыс қамтамасыз етіледі; қозғалыс көлік ағынының жүктемесіне қарай реттеледі; учаскеде уақытша жол белгілері мен қоршаулар орнатылады. Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлау, жылдамдық режимін сақтау және уақытша жол таңбалары талаптарын қатаң ұстану сұралады. Жұмыстардың мерзімдері мен кезеңдері туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады, – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button