Жаңалықтар

Өскеменде рухани-танымдық «Музейдегі түн» өтеді

1978 жылдан бері 18 мамыр — музей саласы мамандарының кәсіби мерекесі.

«Халықаралық музейлер күні»  аясында өткеннің құндылықтарын қазіргі заманның мәдени үдерістерімен үйлестіретін «Музей түнін» өткізу дәстүрге айналған.

Биыл 18 мамыр күні сағат 18.00-де облыстық тарихи-өлкетану музейі (Қ. Кайсенов көшесі, 40) қала тұрғындары мен қонақтары үшін есігін айқара ашады.

Бұл  музейдің ғылыми, экспозициялық және интерактивті ресурстарын кеңінен насихаттап, оның әлеуетін тиімді пайдалану, келушілердің, әсіресе жастардың қызығушылығын арттыруды көздейді.

Келушілерге тарихи-өлкетану музейіндегі әрбір экспозицияда ұсынылған жәдігерлердің шығу тегі, тарихи контексті мен мәдени құндылығы түсіндіріледі. Экспозициялық залдарда танымдық мазмұндағы сайыстар, квест ойындар, тақырыптық фотоаймақтар мен интерактивті алаңдар ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button