Жаңалықтар
Өскеменде Жыландыдағы көпір жөнделді
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов 19-шы шағын ауданының тұрғындарымен өткізген кездесу барысында Жыландыдағы көпір мәселесі көтерілген болатын, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Кездесуден кейін қала арнайы барып, көпірдің жағдайымен танысты. Тұрғындар көтерген мәселе назарға алынып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.
– Бүгінде аталған мәселе өз шешімін тапты. Көпірді қалпына келтіру жұмыстары толық жүргізілді. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлығы үшін жүзеге асырылды, – деп жазды қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.



