БастыЖаңалықтар

Марқакөлде биыл масамен күреске 25,8 млн теңге бөлінді

Марқакөл ауданы әкімдігі бұл шаруаға баға ұсыныстарын сұрату тәсілі (ең төменгі баға ұсынған жеткізуші жеңімпаз) арқылы бюджеттен 25 млн 862 мың теңге бөліп отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ал жеңімпаз компания — «Зайсан аудандық дезинфекциялық станциясы».

Мемлекеттік сатып алу порталындағы құжатта көрсетілгендей, жаппай аудандық дезинсекциялық іс-шараның ауданы 7500 Га құрайды (Тапсырыс берушінің келісімі бойынша Маркакөл, Боран және Қалжыр елді мекендері бойынша). Жеткізу мерзімі: көктемгі кезең 20 күннен кем емес және жазғы кезең 20 күннен кем емес.

 — Масалар мен шіркейлердің санын азайту бойынша қызметтер көрсету ШҚО аумағында Маркакөл, Боран және Қалжыр ауылдарында олардың тиімділігін арттыру мақсатында биологиялық және химиялық инсектицидтік препараттарды пайдалана отырып, Маркакөл ауданында өткізу жоспарлануда, — дейді байқауды ұйымдастырушы Марқакөл ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button