БастыЖаңалықтар

Өскеменде дзюдодан республикалық турнир өтеді

23 мамыр күні Өскемен қаласында 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир ұйымдастырылады. Дәстүрлі жарыс Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанаділ Атаев жүлдесіне арналады.

Турнирге еліміздің түрлі өңірлерінен келген жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Жарыс жасөспірімдер арасында дзюдо спортын дамытуға, спортшылардың тәжірибе алмасуына және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Спорттық дода «Жекпе-жек» жекпе-жек сарайы ғимаратында өтеді.

Жарыстың басталуы — 10:00
Салтанатты ашылу рәсімі — 13:00

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын жас дзюдошылардың тартысты белдесулерін тамашалауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button