Жаңалықтар

Тұрғындарға электр желілері маңында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді

Қазіргі уақытта өңірде құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Жаңа тұрғын үйлер салынып, әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Құрылыс алаңдарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін, электр желілерінің маңындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Өскемен қаласының тұрғындарына электр желілерінің күзет аймақтарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.

Электр желілерінің күзет аймағы – бұл электр желілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қалыпты пайдалану жағдайларын жасау, олардың зақымдалуын, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында табылған тұрғындар арасында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында бөлінген жер, су және әуе кеңістігі.

Мамандардың айтуынша, жоғары кернеулі әуе электр желілерінің маңында рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізу, ағаш кесу, арнайы техникаларды пайдалану және өзге де әрекеттер адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар мұндай жағдайлар электр желілерінің зақымдалуына, апатты өшірулерге және тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз етудің уақытша тоқтауына әкелуі ықтимал.

Осыған байланысты электр желілерінің күзет аймақтарында кез келген құрылыс, жер қазу немесе монтаж жұмыстарын жүргізер алдында міндетті түрде электр желілерін пайдаланушы мекемелермен келісу қажет.

– Қала тұрғындары мен ұйым өкілдерінен қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарап, белгіленген ережелерді сақтауды сұраймыз. Қауіпсіздік талаптарын сақтау – адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі, – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button