Жаңалықтар

Мамандық Pro-Fest 2026: Өскеменде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады

«Мамандық Pro-Fest 2026» жұма күні облыс орталығындағы ірі сауда орындарының бірінде өтеді. Оған түрлі компания өкілдері қатысып, студенттерге бағыт-бағдар береді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. ШҚО еңбек мобильділігі орталығына сілтеме жасап.

«Мамандық Pro-Fest 2026» — мамандықтар мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 15 мамыр күні сағат 10.30-12.00 аралығында Қ. Сәтбаев даңғылы, 51 мекенжайындағы «MAXI MALL» сауда орталығында өтеді.

Бұл — өз болашағыңды бағдарлауға, жұмыс берушілермен тікелей кездесуге және өз мамандығыңды табуға тамаша мүмкіндік. Өйткені бұл күні түрлі компания өкілдері жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне кәсіби бағдар, жұмысқа орналасу бойынша кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button