Жаңалықтар

ШҚО-да жыл басынан бері 1500-ден астам адам жол ережесін бұзған

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлері жолды белгіленбеген жерден өтудің 1500-ден астам фактісін анықтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.           

– Мұндай құқықбұзушылықтар тек жаяу жүргіншілердің өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді. Көп жағдайда жүргізушілер дер кезінде әрекет етіп үлгермей, соның салдарынан ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін. Осыған байланысты полиция құқықбұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тартумен ғана шектелмей, профилактикалық жұмысты да күшейтуде. Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық акциялар ұйымдастыруда, сондай-ақ көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды орындарда күнделікті патрульдік бақылау жүргізіп жатыр, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button