Премьер-Министр Катонқарағайға туристерді тікұшақпен апаруға болатынын айтты

Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстан туризміне шағын тікұшақтар қызметін  енгізуді тапсырды.

«Еліміздегі табиғи туристік аймақтар өте шалғай орналасқан. Сондықтан шағын авиация өте өзекті. Мұндай шағын ұшақтар мен тікұшақтарға бетондалған ұшып-қону жолақтары қажет емес, аздаған инфрақұрылым болса жеткілікті.  Өскеменнен Катонға немесе Рахман қайнарларына дейін туристерді жеңіл тікұшақтармен жеткізуге болады”, деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ ол «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесе отырып, пойыздар санын көбейтіп, әуе билеттеріне бағасын қымбаттатпау мәселесін шешуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button