Жаңалықтар
II Халықаралық «Заң мен тәртіп» фотобайқауы басталды

Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.
Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:
- «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі»;
- «Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар»;
- «Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады».
Жұмыстарды қабылдау 10 маусымға дейін жалғасады (Polisia.kz@bk.ru электрондық пошта арқылы қабылданады).
Қатысу талаптары:
- Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;
- Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;
- Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;
- Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.



