Жаңалықтар

Өскеменде «Ғасырлық дәстүрлер» халықаралық фестивалі өтеді

15-17 мамыр күндері облыстық сәулет-этнография және табиғи-ландшафтық музей-қорығының Сол жағалау кешені аумағында «Ғасырлық дәстүрлер»  халықаралық кілем тоқу фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль төрінде 8 мемлекеттен және ел өңірлерінен келген таңдаулы қолөнер шеберлері бас қосып, ЮНЕСКО сарапшылары мен «Аламан құрақ» жобасының қатысушылары ұлттық өнермен қуантады.

Халықаралық музейлер күніне орай өтетін ауқымды іс-шараға 8 мемлекеттен және ел өңірлерінен 800-ден аса қолөнер шебері қатысады.

Ұзындығы екі шақырымнан асатын құрақ көрпе жайылып, әлемдік рекорд жаңартылмақ.

Фестивальді Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырады. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button