Жаңалықтар
Өскеменде мерекелік ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтті

9 мамырда Өскеменде мерекелік іс-шараларға орайластырылған ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Сауда-саттық қаланың екі ірі алаңында өтті:
«Алтай» көтерме-бөлшек орталығы аумағында (Жібек жолы көшесі, 44)
«ДосНар» сауда үйінде (Виноградова көшесі, 17а).
Жәрмеңке барысында қала тұрғындары балғын өнімдерді тікелей тауар өндірушілерден орташа нарықтық бағадан 15-20%-ға төмен бағамен сатыпала алды.
Сатылған өнімдердің көлемі:
• 10 тонна ет: сиыр, жылқы, қой және шошқаеті;
• 6 тонна көкөніс өнімдері: картоп, пияз, сәбізжәне қырыққабат.
Негізгі тауарлардан бөлек, жәрмеңкеде сүт, шұжық өнімдері, бал және басқа да азық-түлік тауарлары кең ассортиментте ұсынылды.
Мұндай жәрмеңкелерді өткізу тұрғындарды сапалы тауарлармен қолжетімді бағада қамтамасыз етуге және жергілікті ауылшаруашылық өндірушілерін қолдауға мүмкіндік береді.



