Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Мәскеудегі әскери шеруге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери шеруді көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.



