Жаңалықтар

Өскеменде экологиялық саябақ ашылды

Бүгін Өскемендегі Шешек асуында «Таза Қазақстан» экологиялық саябағының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.    

Жаңа саябақтың басты ерекшелігі – оның бірегей тұжырымдамасында. Саябақ аумағы Шығыс Қазақстан облысының картасы пішінінде жасалған.

Іс шара барысында облыстағы 13 қала мен ауданнан әкелінген ағаштар отырғызылды.

– Саябақтың аумағы Шығыс Қазақстан облысының картасы іспеттес. Саябаққа 6 мыңнан аса көшет отырғызылады. Бүгін мыңнан аса көшет отырғызамыз. Алдағы сенбіліктерде әр аудан, қалалар өздерінің көшеттерін отырғызатын болады. Саябақтың тағы бір өзгешелігі тамшылатып суару технологиясын жүзеге асыруды ойластырып отырмыз, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

«Таза Қазақстан» жобасы қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықты арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Қазіргі таңда өңірде елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалықты сақтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Шешек асуында ашылған жаңа саябақ тек экологиялық шара ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын айқындайтын маңызды қоғамдық кеңістікке айналды. Бұл орын демалыс аймағы ретінде дамып, тұрғындар мен қонақтар үшін, әсіресе балалар үшін, тартымды мекен болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button