Жаңалықтар
Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті

Оқиға 6 мамыр күні Республика алаңы маңында болған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.



