Жаңалықтар
Өскеменде Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Облыс орталығында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
9 мамыр күні «Жеңіс» мемориалдық кешенінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты рәсім өтеді.
Сағат 10:00-де театрландырылған қойылым және «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Ал сағат 11:00-де Жеңіс күніне арналған мерекелік күндізгі концерт өткізіледі. Сондай-ақ сағат 18:00-де кешкі концерт басталады. Сағат 20:00-де «Өз шырағынды жақ» акциясы ұйымдастырылады. Биыл 7 199 шам жағу жоспарланған. Кешкі сағат 21:00-де «Жеңіс» мемориалдық кешені аумағында мерекелік отшашу болады.



