Жаңалықтар
ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты

Шемонаиха ауданының Первомайский кентінде жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ-21100 автокөлігі ағашқа соғылған. Жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Алдын ала болжам бойынша жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.
– Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.



