Жаңалықтар

Шалқар жағажайының аумағы кеңейтіледі

Ұлан ауданындағы үшінші Сібе көлінде «Шалқар» жағажайы жұмыс істейді. Демалушылар санының жыл сайын артуына байланысты жағажайды жаңғырту, аумақты кешенді абаттандыру және инфрақұрылымды кеңейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– Мердігер ұйыммен жұмыс кездесуін өткізіп, алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары мен іске асыру мерзімдерін айқындадым. Жоба аясында жағажай аумағын кеңейту, қолшатырлар, беседкалар орнату, қайықтар мен өзге де жүзу құралдарына арналған тұрақ орындарын ұйымдастыру, қосымша құтқару мұнараларын орнату, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған модуль орналастыру көзделген. Аталған жобаны жүзеге асыру «Шалқар» жағажайында демалушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді, – деп жазды Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button