Жаңалықтар
Самарда еркін күрестен жасөспірімдер арасында турнир өтті
Самар ауданында еркін күрестен 2011-2012, 2013, 2014-2015 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жүлдегерлері, Самар ауданының еңбек сіңірген жаттықтырушылары, еркін күрестен спорт шеберлері ағайынды Аманғазы және Мұхаметқазы Онғарбаевтарды еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының әр ауданынан келген 12 команда қатысып, жас балуандар тартысты белдесулерде өз шеберліктерін көрсетті. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде чемпиондар мен жүлдегерлер анықталып, барлығы тиісті марапаттарға ие болды.



