Жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button