Өскеменге француз кинофестивалі қайта келді

Өскемендегі «Юбилейный» кинотеатрында 12-18 сәуір аралығында француз киносының фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бұл – француз кинематографиясын тануға мүмкіндік беретін мәдени шара. Фестивальді Францияның Қазақстандағы Елшілігі, Француз институты және «Юбилейный» кинотеатры бірлесіп ұйымдастырады.

Фестивальдің ресми ашылуы 12 сәуірде сағат 18:00-де болады. Бағдарламада 7 фильм — 5 көркем фильм және 2 анимациялық кинотуынды бар.

Кино күн сайын кешкі уақытта көрсетіледі. Барлық фильмдер түпнұсқа француз тілінде, орысша субтитрмен ұсынылады. Билет құны — 1500 теңге.

\"\" 

Басқа жаңалықтар

Back to top button