Өскеменде көпір астынан мәйіт табылды

Өскемендегі Үлбі көпірінің астынан адам денесі табылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Полиция деректеріне сүйенсек, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

«Үлбі көпірінің астынан ер адамның денесі табылды. Қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», — деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Істің мән-жайы сараптамадан кейін белгілі болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button