Өскемен: жылу мәселесі жолға қойылады
Өскемен әкімі Алмат Ақышов қаладағы 3-ші қазандықтың жұмысын көрді.
Аблакетка ауданында орналасқан бұл қазандық жылу мәселесін шешуге септік тигізеді. Қала бойынша қазір 250 гигакалория жылу жетіспейді. Ал 3-ші қазандықтың қуаты 54 гигакалория, бірақ қазір мұның тек 17-ісі пайдаланылады.
- Осы қазандықтың мүмкіндіктерін пайдалана отырып жылу мәселесін біртіндеп реттеуге болады. Сол үшін де бүгін бұл жердің жай-күйін көруге келдік, — деді Алмат Ақышов.
Қала әкімі аталмыш аудандағы жер үйлерді жылу қазандығына қосу жағы да қаралатынын айтты.



