Жаңалықтар

Өскеменде асық ойыны туралы кітап жарық көрді

Облыс орталығындағы А.С. Пушкин атындағы кітапханада этнограф, өнертанушы, асық ойынын зерттеп, ұлттық құндылықтарымызыды түгендеп жүрген жерлесіміз Ермек Кәрімбекұлының «Асық ойынының түрлері» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды  Bizdiң Өskemen.

Асық – ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулитын ойын. Ол – тек қазақтың ғана емес көшпенділердің ертеден келе жатқан ойындарының бір түрі. Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу үлкендердің де, жас балалардың да денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады.

Автор Ермек Кәрімбекұлы «Асықтың тәрбиелік мәні», «Асық ойынының түрлері», «Асықтың атаулары» сынды көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кітаптың тұсауын кескен Тоқтарбек Мағзұмов, Досмұрат Жидеханұлы, Бердібек Бияров сынды ел ағалары ақ тілектерін ақтарып, кітапқа ақ жол тіледі.

Шараға келген Ермек Кәрімбекұлының  туыстары және әулеттің атынан сөйлеген автордың інісі Серікхан Кәрімбекұлы – ізгі тілектерін жеткізіп, сый-сияпат тапсырды. Өмірдегі, өнердегі інісі Аян Қалымбек жырдан шашу шашты.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button