Шығыста оқушылар онлайн оқып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында оқушылар бүгін онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, 10 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (температураның төмендеуі -27,4 градус, аяз, шығыстан соғатын жел, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 2 м/с, желдің екпіні 5 м/с) кейбір мектептер қашықтықтан оқыту форматына ауысты.
Атап айтқанда, Риддер қаласында 1 және 2 ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары онлайн оқиды. Алтай ауданында да бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды.
Ал Самар ауданында сынап бағанасы 34 градусқа дейін төмендеге. Мұндағы «Аққала мектеп-балабақшасы» қашықтықтан оқыту форматына ауысты.



