Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

10 желтоқсан күні Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында терроризмдік сипаттағы жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мәселелері қарастырылады. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары, оның ішінде Желтоқсан және Пермитин көшелерінде, сондай-ақ АДК-Ривер аумағында автокөлік қозғалысына шектеу қойылатын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тиісті мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы

Басқа жаңалықтар

Back to top button