Экологиялық жағдайды жақсарту үшін бақылау күшейтіледі – ШҚО

Фото: khabar.kz

Шығыстың бас шаhарындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін бақылау күшейтіліп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды BIzdiң Өskemen тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, қарашаны соңғы күндері Өскемен қаласын түтін аралас қою тұман басқан. Түтінге тұншықаннан тамағы мен басы ауырып, жүрегі айнығанын айтып тұрғындар әлеуметтік желіде шағымдана бастады. Мектеп оқушылары қашықтықтан оқу форматына ауыстырылған.  
Аймақ басшысының айтуынша, бұған тек өндірістік кәсіпорындар емес, көліктен шыққан түтін мен пеш жағатын жер үйлер де әсер еткен. 
—    Зиянды шығарындыларды рұқсат етілген шектен асырып жіберген кәсіпорындарға жылда 3,5 млрд теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл сома экологиялық жағдайды жақсарту, мониторингті күшейтуге жұмсалмақ. Сондай-ақ «Халық банкімен» демеушілік бойынша келісім жасалған. Бір апта бұрын эколог мамандар және қоғам өкілдерімен бірге Қоғамдық кеңес жанынан тұрақты жұмыс істейтін «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросын» құру туралы ұсынысты талқыладық, — дейді облыс әкімі. 
Қоғам, билік пен өнеркәсіп өкілдері ауа сапасына қатысты қордаланған мәселелердің шешімін таппақ. Ал бюро осы бағытта ұсыныстар әзірлеп, тұрғындарға ауа ластануының қауіп-қатері мен оны азайтудың жолдарын түсіндіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button