Жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізу үшін нені ескеру қажет?

ШҚО ТЖД қызметкерлері мен Өскемен қаласы ТЖБ өкілдері жаңа жылдық мереке қарсаңында өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында кәсіпкерлермен кеңес өткізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Кеңеске қатысушыларға жаңа жылдық іс-шаралар кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі ескертілді. Сондай-ақ ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарын сақтау бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.

       Адамдар көп жиналатын жерлерде, жаңа жылдық іс-шаралар кезінде қауіпсіздік талаптары қатаң ескерілуі керек. Мәселен, шырша қабырғаларментөбеденкемінде 1 метрқашықтықтаорналасуытиіс. Бөлмеде электржарығыболмаса, шыршажанындағымерекелікісшаралартеккүндізгіуақыттаөткізілуі керек, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондайақ құтқарушылардың айтуынша, ісшаралар  өткізілген кезде сахнада және залда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың, өртке қарсы қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Шаралар өтетін бөлмелер бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button