Өскемен қаласының тұрғыны \»Қазақстан аруы-2024\» байқауының жеңімпазы атанды
5 желтоқсанда \»Қазақстан аруы-2024\» республикалық сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды.
Байқауды ұйымдастырушылардың мәліметінше, Өскемен қаласының 20 жастағы тұрғыны Бағым Балтабаева жеңімпаз атанды.
Бағым – \»Miss VKU 2023\», \»Өскемен аруы-2024\» титулының иегері.
Байқауда басқа да номинация иегерлері марапатталды. Олар:
Айдана Әбілқасова, \»Вице-Miss Qazaqstan-2024\»;
Томирис Қадырхан, \»Жер аруы\»;
Дана Алмасова, \»Ғалам аруы\».



