Жаңалықтар

Өскеменде «Әйел теңдігі – әлем теңдігі» мотивациялық тренингі өтті

Облыс орталығындағы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында «Әйел теңдігі – әлем теңдігі» атты мотивациялық тренинг өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шараны Қазақстан психологтар одағының мүшесі, Орта Азия психоаналитиктер қоғамының аппликанты, психология ғылымдарының магистры, отбасы психологы Таубақұлова Назигүл Абылқасқызы жүргізді.

Тренинг барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның психологиялық әсері, әйелдің өзін-өзі бағалауы, өзін жақсы көру дағдылары және әйел энергиясы туралы маңызды ақпарат берілді.

Қатысушыларға өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар мен рефлексиялық сұрақтар ұсынылып, өз ішкі күйін тануға, өз құндылығын сезінуге бағытталған жеке және топтық жаттығулар орындалды.

– Тренингке келген нәзікжандылар Назигүл Абылқасқызының тәжірибесіне негізделген кәсіби кеңестерден үлкен мотивация алды.
«Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Әйелдің өзін бағалауы мен ішкі үйлесімі жанұяның берекесіне әсер етеді» деген ой тренингтің басты тұжырымы болды.
Шараға қатысқан әйелдер қауымы өз ресурстарын тануға, эмоционалдық денсаулығын нығайтуға, өмір сапасын жақсартуға бағытталған құнды білім алып, тренингтен ерекше әсермен қайтты, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button