Семейде тәрбиеші әріп білмегені үшін баланы ұрып-соққан

Семейдегі мектепке дейінгі мекемелердің бірінде тәрбиеші балаларды ұрып-соққан. 

\»SEMEI TV\» арнасының мәліметінше, балаларды ұрып-соққан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ сегіз ата-ана тәрбиешінің үстінен арыз жазғандықтан, 140-бап бойынша тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, мекеме басшысына қатаң сөгіс жарияланды. 

– Қазір бұл іс бойынша сот-медициналық экспертиза тағайындалды, — делінген хабарламада.  

Ата-аналардың сөзінше, тәрбиеші балаларды әріп білмегені үшін және басқа бағдарламаны меңгере алмағаны үшін ұрып-соққан. Балабақша әкімшілігі ұсынған видео ата-аналардың бұл сөзіне дәлел болды. 

Болған жағдайдан кейін де бала балабақшаға барып жүр. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button