Өскеменде Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді
«Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Өскемен қаласында 8-9 қараша күндері Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді.
8 қараша күні:
– Сағат 15.00-де Протазанов көшесі, 43 мекенжайында орналасқан \»Шығыс Қазақстан облыстық филаомониясының\» \»Food cord\» залында ардагерлер арасындағы \»Қазақша Quiz\» интеллектуалды ойыны өткізіледі.
– Кешкі сағат 17.00-де тарихи-мұра экспонаттары, ауданның қолөнер және бейнелеу өнерінің туындыларының көрмесін тамашалай алады.
– Сағат 18.00-де \»Шығыс Қазақстан облыстық филаомониясының\» концерт залында Тарбағатай ауданының шығармашылық ұжымдарының салтанатты концерті.
9 қараша күні:
– Сағат 08.00-ден бастап Жібек жолы, 6 мекенжайында орналасқан \»Шығыс Алтай\» сауда орталығының алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, мерекелік концерт ұйымдастырылады. Сонымен қатар, \»Тау көтерген Толағай\», \»Көлтауысар\», \»Құралайды көзге атқан\» және т.б. спорттық ойындар өтеді.
– Сағат 10.00-де Арбатта \»Ақжар эстрадалық ансамблі\» ВИА көше форматындағы концерті ұйымдастырылады.
– Сонымен қатар сағат 10.00 бастап Тарбағатай ауданының суретшілері Төлеген Тоқтаров көшесі, 56 мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында шеберлік сабақтарын өткізеді.



