Айлық табасы орташа жалақыдан аспайтын қанша жұмысшы бар?
Жалдамалы жұмысшылардың 70%-дан астамы 2024 жылғы ІІ тоқсан қорытындысы бойынша белгіленген 403 мың теңгеден төмен алады. Өткен жылы бұл 69,2% болған. 3,4 млн жұмысшының 2,4 млн-ға жуығы айына 403 мың теңгеден аз табыс табады. Оның 1,5 млн-ға жуығы айына 250 мың теңгеге дейін жалақы алады.
Жалақысы 1 млн теңгеден асатын қызметкерлердің үлес салмағы 3,3%. Олар негізінен қаржы, сақтандыру саласының және IT-сектордың қызметкерлері.
– Ұлттық статистика бюросының көпжылдық есептері бойынша біз соңғы жылдары елде номиналды, медианалық және модальды жалақы қалай өзгергенін бақыладық. 2019 жылдан 2024 жылға дейін жыл сайын барлық үш көрсеткіш өскен, бірақ олардың арасында айтарлықтай айырмашылық болды. Мысалы, осы жылдың екінші тоқсанында номиналды жалақы 403,3 мың теңгені құраса, медиандық жалақы одан 29,2%-ға, ал модальдық жалақы 4 есе аз болды, — дейді аналитиктер.
Модальдік жалақының ең төмен көрсеткіштері әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету, көтерме және бөлшек сауда, өнер, ойын-сауық және демалыс т.б. салаларда тіркелген.



