Өскеменде жол апатынан мотоцикл жүргізуші зардап шекті

Өскеменде Красин көшесінде автокөлік пен мопед соқтығысты. 

Пушкин-Нагобай көшелерінің қиылысында Hyundai Accent маркалы автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, «Racer» мопедіне жол бермеген. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мопед жүргізушісі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

– Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button