ШҚО-да бас онколог дәрігер Гүлмира Сағидуллинамен тікелей эфир өтеді
Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онколог дәрігермен тікелей эфир бүгін, 29-шы қазанда сағат 17:00-де басталады.
– 29 қазан күні ШҚО денсаулық сақтау басқармасының инстаграмдағы парақшасында (@shko.densaulyk.official) Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы, көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллинамен тікелей эфир өтеді, — делінген Көпсалалы онкологиялық орталық баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тікелей эфирде ШҚО тұрғындарына онкологиялық көмектің қолжетімділігі туралы сөз қозғалатын болады.



