БастыЖаңалықтар

ШҚО-да ең белсенді қан донорларына 70 мың теңге сыйақы береді

Өскемен қаласында 12 маусым күні «Дүниежүзілік қан доноры» күніне орай Қан орталығында ауқымды донорлық акция өтеді.

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы Өскемен қаласының тұрғындары мен өңір қонақтарын бұл күнді бірге атап өтуге және игі істерге толы үлкен мерекеге қатысуға шақырады.

Іс-шараға келген донорлар мен қонақтар үшін арнайы бағдарлама дайындалған.  Сондай-ақ, ШҚО-ның  ең белсенді 40-тан астам өтеусіз қан тапсырған донорларды марапаттау рәсімі болады. Өңірде алғаш рет мұндай донорларға 70 000 теңге мөлшерінде қосымша материалдық ынталандыру беріліп отыр.

— Бұл бастама Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қан және оның компоненттерін өтеусіз донорлықты дамыту арқылы халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру» мемлекеттк әлеуметтік тапсырысы аясында 2026 жылғы 16 ақпаннан бастап облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Дүниежүзілік қан доноры күні жыл сайын бүкіл әлемде мейірімділік, қайырымдылық және адамгершілік мерекесі ретінде атап өтіледі. Бұл өз қанын ерікті және өтеусіз түрде басқалардың өмірін құтқару үшін беретін адамдарға арналған алғыс күні. Донорлардың арқасында күн сайын күрделі операциялар, ауыр аурулар, жарақаттар және төтенше жағдайлар кезінде қан құюды қажет ететін науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туады, — деп хабарлайды ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы.

Донорлық акцияның уақыты 08:30-дан -13:30-ға дейін, үзіліссіз

Марапаттау рәсімі: 10:00-де

Өткізілетін орны: «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК,
Өскемен қ., ЖМК ауданы, Көкжал Барақ көшесі, 11 үй.

Басқа жаңалықтар

Back to top button